27.11. 2023 ж. Сарқан политехникалық колледжінде "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!" тақырыбында семинар - тренинг ұйымдастырылып өтті. Семинар барысында студенттер "Сыбайлас жемқорлық" -деген сөзге түсініктеме беріп, қатысушыларға жадынама таратты. Өзара парасаттылық, адалдық, жақсылық, мейірімділік туралы ойларымен бөлісті. Шара соңында "Саналы ұрпақ" клубының мүшелері "Шынайылық және парасаттылық-өмірлік ұстаным" екендігін ұғына отырып, арнайы тренинг ұйымдастырды.
Жемқорлық - ғасыр індеті. Сарқан политехникалық колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттарды тарату және түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып жүргізілді.
Адалдық алаңы - жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың негізі. 28.11.2023 ж. Сарқан политехникалық колледжінде "Адалдық алаңы" аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру» тақырыбы бойынша өндірістік оқыту шеберлерімен дөңгелек үстел өтті. Онда ДОӨЖЖО Тобышақов Б.О, ДКОЖЖО Акыбаева Р.К, Аға шебер Берлибеков Ж.К және комплаенс офицер қызметін атқарушы Қасымбекова Н.С қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, профилактикалық жұмыстарды насихаттау талқыланды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қыймыл туралы заңнаманың талаптарын сақтау бойынша бос және уақытша бос лауазымдарға жұмысқа қабылдау, ҚР Оқу –ағарту министірінің 22.12.2022 жылғы №513 бұйрығына сәйкес конкурстық комиссия отырысы өткізілді. Өтінім берген үміткерлер толығымен тыңдалып, комиссия шешімі негізінде жұмысқа қабылданды.