Сарқан политехникалық колледжінің «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мен парасаттылық құндылықтарын» ілгерлетуге қосқан үлесі.

Бүгінгі таңда жемқорлық мәселесі тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің басқа да елдері үшін аса өзекті мәселе болып табылады. Қай мемлекетте болса да ең қауіпті құбылыс – жемқорлықтың жайылып, парақорлықтың дендеуі. Сыбайлас жемқорлықтың өршіп тұрған кезінде қоғам ешқашан алға баспайды, керісінше мемлекеттің дамуы тежеледі. Қазақстанның бұл мәселедегі ахуалы осы қоғамның кез келгенінің алаңына айналды. Сыбайлас жемқорлық халықты қанаудың көлеңкелі көрінісі бола отырып, адамзат қоғамының даму кезеңдерінен қалыспай келеді. Ол барлық уақытта да сынға ұшырап, айыпталып, онымен үнемі күрес жүргізіліп келеді. Сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты елімізде негізінен оған қарсы тұрудың басты құқықтық-ұйымдастырушылық әрекеттері қамтамасыз етіліп жатыр. Студент жастарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті нығайту мақсатында біздің Сарқан политехникалық колледжінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» тақырыптарында тәрбие сағаттары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы шаралар тұрақты түрде жүргізіліп жатыр. Жастардың бойындағы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырушы шарттар керек екендігі сөзсіз. Ол үшін, ең алдымен жастардың:

- Сыбайлас жемқорлықты елдің дамуын тежейтін аса қауіпті қоғамдық дерт деп тану,

- Жемқорлық көріністерін анық ажырата білу,

- Әр адамның пара беру және пара алуға қарсылығы болуы қажет. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘРБІР ЖАС:

• Мәдениетті;

• Ең алдымен құқықтық сауатты;

• Жемқорлық көрністерін ажырата білетін;

• «Нөлдік» төзімділігі қалыптасқан;

• Білімді, бәсекеге қабілетті;

• Азаматтық ұстанымы айқын тұлға болуы тиіс.

Жоғарыда айтылған мәселердің Сарқан политехникалық колледжінің оқу- тәрбие үрдісінде, колледж директоры Н.Ж. Маткаримовтың инициативтік-шығармашылық және қатаң басшылығымен орындалуының нәтижесі - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы департаменті ұсынған МАДАҚТАМАсы. «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мен парасаттылық құндылықтарын» ілгерлетуге қосқан үлесі үшін 3-курс студенті Черноусова Евгения марапатталды.

Сарқан политехникалық колледжінің директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: А. Омирбекова