Ерікті болу – ерлік! Сарқан политехникалық колледжі.

Еріктілер-қоғамның қозғаушы қуаты. Адам өмірін қоғамсыз елестету қиын. Өркениетті қоғам кез келген жеке тұлға өзін қоршаған ортаның талаптары мен тәртіптерін сақтай отырып, түрлі игіліктерге қол жеткізе алады. Сондықтан «адамдар бірлігі» қоғамды ұдайы алға жетелеп отыратын, даму мен табыстың негізгі саналатын құндылықтар болады. Біздің қоғамда қандай құндылықтар қозғаушы күшке ие? Қоғамда қандай жұмыстар жасалмасын, қандай іс-шаралар өткізілмесін, оларды ұйымдастырушы, жүзеге асырушы қарапайым ғана адамдар. Бірінші кезекте, қоршаған орта мен қоғамға жаңа игі өзгерістер әкелуді қалайтындар, өздерінің сол ортаның мүшесі екендігін сезіне отырып жақсылық жасаушылар. Сонымен қатар жасаған жақсылығы мен атқарған жұмысы үшін ақы сұрамайтын жандар. Осылардың барлығын бір арнаға тоғыстырсақ қазіргі күні «Ерікті» немесе «Волонтер» деп аталатын мамандық иесі, қоғам мүшелеріне лайықты аттың иелерін көреміз. Ал қазір еріктілер- қоғамның бір мүшесі болып қалыптасты. Еріктінің болуы, оның бірұдай дамып тұруы міндетті. Бұл заман талабы. Сарқан политехникалық колледжінің еріктілері 2019-2020 жыл аясында «Біз біргеміз!» ұранымен Сарқан қаласының ардагерлеріне, көп балалы және аз қамтылған отбасыларына көмектесіп, қала көшелерін абаттандыру, тазалау жұмыстарына белсене қатысып, өз елінің жас патриоттары екендігін үнемі дәлелдеп отырды, олар : Әділұлы Әділет, Болеген Әділет, Болеген Ақниет , Величко Артем, Елдосұлы Дастан, Извеков Дмитрий, Канат Бауыржан, Құламбай Айдос, Муханов Юрий, Мұхтаргалиев Саят, Серікбекұлы Диас. Олар нәтижелі де жемісті еңбектері үшін Алматы облысы жастар ресурстық орталығының директоры Д. Ауданбаевтың және Сарқаны ауданы жастар ресурстық орталығының жетекшісі А. Салибековтың « Сізге өңіріміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, мемлекеттік жастар саясатының оңтайлы жүзеге асырылуына қосқан үлесіңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз!» тақырыбындағы АЛҒЫС ХАТ- ы мен колледждің еріктілері марапатталды. Сонымен қатар, мемлекеттік жастар саясатының оңтайлы жүзеге асырылуына және жастарға қолдау көрсету, мақсатында Сарқан политехникалық колледжінің директоры Н.Ж. Маткаримов , Сарқаны ауданы жастар ресурстық орталығының мамандары Айым Кемелқызы мен Асем Серікқызы құттықтау сөздерін арнап, дайындаған сыйлықтарын табыстады.

Сарқан политехникалық колледжінің директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: А. Омирбекова