«Жемқорлықсыз болашақ»

Сарқан политехникалық колледжінде педагог-психолог Б.Ж. Набиева, «Саналы ұрпақ» клубының жетекшісі М.М.Маралбаеваның ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мақсатында «Жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында білім алушылар арасында сауалнама жүргізілді.

                                Жүргізілген сауалнама қорытындысы

09.03.2021 жылы Сарқан политехникалық колледжі оқытушыларымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша сауалнама алынған кезде төмендегідей нәтижелер көрсетілді.

Мақсаты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, оның алдын алу көріністерін азайту.

Сауалнама 7 сұрақтан құрылды. Сауалнамаға сараптама жүргізу нәтижесінде ақша жинау жемқорлықты анықтайтын фактілерді әшкерелейтің сұрақтар топтамасы қойылды.

Нәтижесі: Жүргізілген сауалнама нәтижесінде колледж оқытушыларының көпшілігі 99,8% сыбайлас жемқорлықты кері және жағымсыз көрініс ретінде қабылдайтындығы анықталды.

Әр оқытушы білуі тиіс:

- Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықпен күрестің нормативтік құқықтық базасын;

- Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылу тәртібін;

- Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу және жол бермеу;

- Сыбайлас жемқорлыққа байланысты әр түрлі іс-әрекеттерге қарсы шығу. Қорытынды: Сауалнама қортындысы бойынша колледж оқытушыларының көзқарастары біріңғай жемқорлыққа қарсы саясатты ұстанады. Сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейіне байланысты оқытушылар осы мәселені алдын-алу ережесімен толық келіседі.

                              Жүргізілген сауалнама қорытындысы

10.03.2021 жылы Сарқан политехникалық колледжі студенттерінен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша сауалнама алынған кезде төмендегідей нәтижелер көрсетілді.

Мақсаты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, оның алдын алу көріністерін азайту.

Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында ақша жинау фактілерін анықтау мақсатында колледжде 1-2 курс студенттері арасында жасырын түрде сауалнама жүргізілді.

Сауалнама 10 сұрақтан құрылды. Сауалнамаға сараптама жүргізу нәтижесінде ақша жинау, жемқорлықты анықтайтын фактілерді әшкерелейтін сұрақтар топтамасы қойылды.

Нәтижесі: Жемқорлық дегенді қалай түсінесіз? Біздің колледжімізде жемқорлық кездеседі ме?(қандай жағдайларда кездесті), оқытушыларға пара берген кездеріңіз болды ма? Сессия кезінде қиыншылықтар болды ма? Сіздің ойыңызша пара алатын оқытушылар кімдер, атаңыз (сауалнама жасырын түрде алынатындығын ескеріңіз, сондықтан да ойыңызды ашып жазуға болады) деген сұрақтарға нақты 100% жоқ деген жауап берілді.

Оқытушы мен студенттер арасындағы қарым-қатынасты анықтау мақсатында қойылған сұрақтарға 100% қарым-қатынас, өзара түсінушілік және оқытушылардың студенттерден пара алмайтындығы анықталды.

Қорытынды:

1. Алынған нәтижелерді оқушылар мен мұғалімдер және ата- аналар назарына ұсыну.

2. Оқу-білім үрдісінде студенттер мен оқытушылар тарапынан болатын келеңсіз әрекеттердің алдын алу және оларға қатаң бақылау қою.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша сауалнама (оқытушыларға) Сізден біздің колледжіміздегі сыбайлас жемқорлық тақырыбында бірқатар сауалдарға жауап беруіңізді сұраймыз.

1. Сіздің ойыңызша колледжде пара беру меселесі бар ма жоқ па?

1.Иә

2.Жоқ

2. Сіздің ойыңызша колледждегі сыбайлас жемқорлықтың болуының негізгі себептеріне не жатады? (себебін көрсетіңіз).

1.Сессия кезінде пара алу

2.Себебі жоқ

3.Сіздің ойыңызша, колледжде сыбайлас жемқорлық көріністері жиі кездеседі ме?

1. Еш жерде кездеспейді

2. Жауап беруге қиналамын

3. Кездеседі

4. Сіздің колледж әкімшілігінің қызметіне көңіліңіз толады ма?

1.Иә

2.Жоқ

5. Төменде келтірілген оқытушыларға арналған сыйлықтардың қайсысын пара деп есептеуге болады?

1.Гүл

2.Кәмпит қорабы

3.Ақшалай

6. Колледж әкімшілігімен ұстаздар арасындағы қарым- қатынас жағдайы қандай?

1.Сыйласымды

2.Өктемдікпен әмір жүргізу

3.Айтуға қиналам

7.Колледж ұжымында жұмыс уақыты кезінде ішімдік ішу факторлары орын алды ма?

1.Ия

2.Жоқ

3.Айтуға қиналамын

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша сауалнама (студенттерге) Сізден біздің колледжіміздегі сыбайлас жемқорлық тақырыбында бірқатар сауалдарға жауап беруіңізді сұраймыз.

1. Сіз сыбайлас жемқорлық деп нені түсінесіз?

1) Әділетсіз жолмен ақша алу

2) Жазасыздық, жауапсыздық

3) Жауап беруге қиналамын

2. Біздің колледжде парақорлық жағдайлары бар деп ойлайсыз ба?

1.Иә

2.Жоқ

3. Оқу кезінде пара берген-бермегеніңізге қарамастан сыбайлас жемқорлық жағдайына тап болған кезіңіз болды ма?

1.Иә

2.Жоқ

4. Егер алдыңғы сұраққа «иә» деп жауап берсеңіз, сол жағдайды суреттеңіз немесе сызық қойыңыз: ____________________________________________________________________________

5. Пара алған оқытушының аты-жөнін көрсетіңіз немесе сызық қойыңыз ___________________________________________________________________________

6. Сіз пара немесе сыйлық беру кезінде делдалдарды қолдандыңыз ба?

1.Ия

2.Жоқ

7. Егер алдыңғы сұраққа «иә» деп жауап берсеңіз, онда делдалдың аты-жөнін көрсетіңіз немесе сызық қойыңыз: ____________________________________________________________________________

8. Төменде келтірілген оқытушыларға арналған сыйлықтардың қайсысын пара деп есептеуге болады?

1.Гүл

2.Кәмпит қорабы

3.Ақшалай

9.Оқытушыларға пара берген кездеріңіз болды ма?

1.Иә

2.Жоқ

10.Сессия кезінде қиыншылықтар болды ма?

1.Иә

2.Жоқ