«Тәуелсіздік -теңдесі жоқ байлығым!»

Сарқан политехникалық колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік -теңдесі жоқ байлығым» атты мерекелік іс- шара өтті. Іс-шара барысында колледжіміздің директоры Маткаримов Нұрахмет Жанахметұлы колледждің оқу- тәрбие саласында білімгерлердің тәрбиесі мен кемел келешегіне ықпал етіп, сапалы білім, саналы тәрбие берудегі еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Құрбанов Азамат Сатыбалдыұлын, Геннадий Аблайхан Мадиярұлын, Банахович Константин Игорьевичті, Рыспекова Ляззат Амангелдықызын марапаттады. Колледждің қоғамдық және оқу- тәрбие іс-шараларына белсене қатысқаны үшін келесі студенттерді, яғни Ильясов Санжарды, Нүсіпқали Айбекті, Белокабыльский Андрейді, Тұрғанбек Дәукенді, Тукен Мерейді, Бағланұлы Мұратты, Нұрғазы Кенесарыны, Аманжолов Асылбекті, Аханов Ельназарды, Мұхаметқазы Мақсатты марапаттады. Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына арналған «Алаш арысы» облыстық оқуларында Бас жүлдені иеленгені үшін Нүсіпқали Айбек Еркінғалиұлын ДИПЛОМ мен марапаттады, Қазақстан Республикасы Президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың иннициативтік жобасының, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай «Қайырымды істер марафоны» жалпыұттық жобасының аясында ұйымдастырылған «Ең мейірімді волонтер» номинациясының жеңімпазы Ильясов Санжар Салихатұлы, ІІ орынды иеленіп, ДИПЛОМ мен және арнайы сыйлықпен марапатталды. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткен облыстық «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының слетында «Бас жүлде» иеленгені үшін Сарқан политехникалық колледжі марапатталды. Жоғарыда көрсетілген оқу-тәрбие жұмысының маңыздылығы мен сапалық деңгейін ескере отырып, Сарқан политехникалық колледжінің директоры Маткаримов Нұрахмет Жанахметұлы, колледждің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Омирбековаға АЛҒЫС жариялады. Сарқан политехникалық колледжінің кураторлар циклдік комиссиясының төрағасы : Г.Е.Джумагулова, «Саналы ұрпақ» клубының үйлестірушісі: И.Е. Нугманова.

День языков

Среди учащихся и педагогов провели ZOOM конференцию посвященную дню языков.


Акция "Твори добро"

22.02.2019


Встреча с воинами-интернационалистами, посвященная 30-ти летию вывода войск Советского союза из Афганистана


Музыкально -литературный вечер посвещенный 88 летию Мукагали Макатаева

21.02.2019


Молодежный

форум

08.02.2019 г.


Общее родительское собрание 5.02.19 г.


Встреча с опекунами студентов СПК


Классный час на тему: "Всемирный день борьбы со спидом"


Ардагерлерге ұлы құрмет

Сарқан политехникалық колледжі 2018 жылдың 21 желтоқсанында Ардагерлерді ұлағаттау мақсатында «Менің мамандығымның адамдары» тақырыбы аясында ашық есік күнін өткізді. Ардагерлерге арналған мерекелік іс-шараны колледж директоры Маткаримов Нұрахмет Жанахметұлы өзінің құттықтау сөзімен ашты. Ол қадірлі ардагерлерге бұл кештің аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін күн болып табылатындығын атап өтті. Ардагерлерге қамқорлық көрсету – біздің халқымыздың санасына терең сіңген қасиет. Сіздерге зор денсаулық, көтеріңкі көңіл - күй, отбасыларыңыз аман болып,баршаңызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін деген жылы лебізін білдірді. Ашық есік күнінің құрметті қонақтары болып, Сарқан ауданымыздың құрметті ардагерлері, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ. Т. Жанасбеков, әжелер алқасының төрайымы Ш. Қ. Асқарғалиева, Сарқан ауданының Агроөнеркәсіптік кешенінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Г. Муханова, Сарқан газетінің бас редакторы Ж. М . Игіман, «Нұр Отан» партиясы Сарқан аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары М. Түсіпов қатысты. Адам сәбиінде бір бала, Қартайғанда тағы бала." - демекші, қарияларымыз жас балаша қуанып, алғыстарын жаудырып жатты. Үлкеннің батасын алу бізге, біздің колледжімізге зор мәртебе.

Сонымен қатар бұл кеште біздің колледжімізде 40 жыл көлемінде үзбей еңбек еткен өндірістік оқыту шебері М. К. Базарбековты зейнетке шығуымен «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісімен, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ. Т. Жанасбеков марапаттаса, колледжде 20 жыл көлемінде бас есепші қызметін атқара отырып, колледждің қаржылық ахуалын қалыпты жағдайда жүргізіп отырған Г. Ж. Мусанованы өзінің ерен еңбегі үшін, «Алматы жергілікті агроөнеркәсіп кешені, қызметкерлер кәсіподағы, Президиум отырысының №55 Қаулысы бойынша Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін төсбелгісімен» , Сарқан ауданының Агроөнеркәсіптік кешенінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Г. Муханова марапаттады.