Спорт жаңғырығы

Мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында сарқан политехникалық колледжінің дене тәрбиесі пән оқытушылыары педагог-модератор және тәжірибелі тәлімгер-ұстаз Қ.Қ.Тайменкеновтың ұйымдастыруымен келесі іс-шаралар өткізілді: - 2018, 2019, 2020, 2021 оқу жылдарында колледж студенттері шағын футболдан, үстел теннисінен облыстық және Джиу-Джитсу куресінен облыстық, республикалық спорттағы жетістіктері арқасында Дубай, Турция, Франция мемлекеттерінде спорттық чемпионаттарға қатысып марапаттарға ие болды; - Мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында колледжішілік «Қысқы спартакиада» бағдарламасындағы шаңғы спортынан жарыстар (3км ұлдарға, 2км қыздар арасында) ұйымдастырылды; - Дене тәрбиесі пән оқытушылыары Қ.Қ.Тайменкенов, Т.М. Калтыкаев, Н. Муратбеков «XXI ғасырдағы ақпарат кеңістігінде дарынды және талантты тұлғалардың өз орнын табуы» халықаралық ғылыми-практикалық онлайн- конференциясына қатысып «Жасөспірімдерді салауатты бағытта тәрбиелеудегі» өз іс-тәжірибелерімен бөлісті; - Республикалық Саламатты Қазақстан «Салауатты өмір салты – ұлт болашағын қалыптастыру негізі» тақырыбындағы семинарда өз іс – тәжірибесімен бөліскен үлесі үшін Калтыкаев Т.М. марапатталды. 

Поделиться этим